Құқық қорғау органдары

СҚО-да жолда жануарға соғылу жағдайлары жиілеп кетті

 

Қызылжар мен М.Жұмабаев аудандарында жануарға соғылу қаупі жоғары. Өйткені, осы жақта елік көп жүреді. Әсіресе, түнде әрі Омбы жағына бара жатсаңыз, аса абай болған жөн дейді полиция қызметкерлері. Бірақ, елік атаулы күндіз де кездесуі мүмкін. Жуырда Қызылжар ауданының 60 жастағы тұрғыны түскі 13.00-де Ишим-Петропавл бағытының 611-ші шақырымында кенеттен пайда болған жануарға соғылған. Тұяқты қаша жөнелген, рөлде отырған адамның өзі аман, көлігіне зақым келген. Облыста жыл басынан бері жануарлардың қатысуымен 38 жол-көлік оқиғасы тіркелді.


Алтынай Казиканова