Қоғам

Шетелдік автокөліктерді небәрі 200 мың теңгеге бастапқы есепке қоюға болады

 

Темір тұлпар иелері үшін жағымды жаңалық! Енді елімізде шетелдік автомобильдерді бұрынғыдай миллиондаған ақшаның орнына, бар болғаны 200 мың теңгеге бастапқы есепке қоюға болады. Бүгін Парламент Салық Кодексіне түзетулер енгізді.
Жаңашылдықтың басты шарты мынадай: көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге келген болуы тиіс. Нәтижесінде 300 мыңға жуық машинаны заңдастыру жоспарланған.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР Парламенті Сенатының төрағасы
– “Қабылданған заң инвестиция тартуға және бизнес-ортаны дамытуға қосымша құқықтық жағдай қалыптастырады. Атап айтқанда, жекелеген салаларда қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер беру арқылы өндірісті ынталандыру көзделіп отыр. Жаңа нормалар еңбекақы қорына жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруға арналған шара. Алдағы уақытта осы заң халыққа және бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасы мен деңгейін көтеруге мүмкіндік береді деп сенеміз”.

Түзетулер aзық-түлік тaуарларының бағасына да оң әсер етуі керек. Қант, кондитерлік өнімдер мен aшытқы өндірушілер үшін қосылған құн салығының сомaсы 70%-ға aзаяды. Қант шикізатын импoрттayшылар ҚҚС төлеуден тoлығымен бoсaтылады.