ТЖ

Қыс-2022

 

Петропавлда «Қыс-2022» республикалық командалық оқу-жаттығу өтіп жатыр. Мақсат – сын сәтке дайын болу.

НАЗЫМБЕК ЕЛЕМЕСОВ, Петропавл қаласының ТЖБ бастығы
– Көліктердің сапасы қазір текеріледі. Облыс бойынша әрбір аудандарда нәтижелі осындай тексерістер жүргізіліп жатыр. Техниканың дайындығын тексереміз қыстық кезеңге.

Сап түзеген 20-ға жуық машина. Әр көліктің өзіндік мақсат-міндеті бар. Трактор, камаз, адам тасымалдайтын көліктерді көруге болады. Мысалға, бұл – “Трэкол” көлігі. Жол талғамайды. Көлікпен бізді бейінді департаменттің бөлім бастығы Серік Наурызбаев таныстырып өтті. Маман төтенше жағдайлар саласында 25 жыл еңбек етеді.

Өткен жылы мамандар қыс кезінде жолда қалып қойған 86 адамға көмек берген, соның 8-і – бала. Яғни, мамандар осындай оқиғаға тап болған кезде сақадай сай болу қажет.

СЕРІК НАУРЫЗБАЕВ, СҚО ТЖД бөлім бастығы
– Ауылдарда жол жабылып, науқастар ауруханаға жете алмай қалған кезде көмек береміз. Арнайы көліктерді жіберіп, ауыл тұрғындарын діттеген жеріне жеткізіп тастаймыз. Дәрі-дәрмектерін де әкеліп береміз. Алдағы қысқа дайындығымыз жақсы.

Оқу-жаттығу жиыны 2 күнге созылады.


Гульден Симбаева