Құқық қорғау органдары

Қабылдап-тарату орнына мың жарымға жуық қаңғыбас жеткізілген

ЛЮФТ:

  • Из какой деревни? – Октябрьское! – А здесь, в городе, что делаете? – Как? Работаю, живу.Аяз қысқан кезде баспанасыздар тұрғын үйлердің шатырлары мен жертөлелерін паналайды. Полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар паналайтын орындарды жиі тексеріп тұрады. Оның барысында жеке басы анықталмаған 33 пен 44 жастағы адамдардың жиі кездесетіні анықталды. Олардың басым бөлігі – ер азаматтар.

    Болат Баймақанов – қалалық ПБ қабылдап-тарату орнының бастығы

  • – 10 ай ішінде тұрғылықты мекенжайы жоқ 1484 адам жеткізілді. Оның ішінде 179 адам соттың санкциясы бойынша орналастырылды. Барлық жеткізілген тұлғалар тізімдік есепке қойылды. Тұрғылықты жері жоқ адамдар қаланың түрлі аудандарынан жиналып, Жұмысшы кентінде орналасқан түнгі түнеу орнына жеткізіледі. Олардың барлығы криминалистикалық, жедел-анықтамалық есепке қойылады.