Денсаулық сақтау

Петропавлдағы “Жүрек жылуы” орталығына қаржылай қолдау қажет

Қаламызда “Жүрек жылуы” орталығы осыдан 2 жыл бұрын ашылды. Оқушылар сарайындағы орталықта 20-ға жуық ерекше бала тәрбие алады. Олармен педагог-психолог жұмыс істейді. Маман ұл-қыздармен аптасына 5 рет кездеседі екен. Мұндағы қызметкерлердің сөзінше, ұл-қыздар шеттерінен талантты. Олар түрлі үйірмелерге белсене қатысады. Қиындық тудыратын мәселе бар. Балаларға аса қажет дүниелерді алуға қаражат, мемлекеттен қолдау қажет дейді.

АНАСТАСИЯ ШВЕЦ, “Жүрек жылуы” орталығының педагог-психологы:
– Балаларға әртүрлі жабдықтар сатып алу қажет. Мысалы, ортопедиялық кілемшелер, вестибулярлық тақта керек. Балалар орталықта сәндік-қолданбалы шығармашылықпен айналысады. Киізден ойыншықтар жасайды. Оларды сатудан түскен ақша қажетті заттарға жұмсалады.


Гульден Симбаева