Құқық қорғау органдары

Интернет-алаяқтықтың алдын алу

Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында кезекті акция өткізді. Мамандар сауда үйлерінде тұрғындарға жадынама қағаздарын таратып, желілік алаяқтардың қулықтары туралы айтты. Алаяқтардың негізгі схемалары – интернет арқылы тауар сату кезінде алдын ала төлем талап ету және банк қызметкері ретінде қоңырау шалу. Аңғал адамды психологиялық тұрғыда басу үшін қулар алдымен өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыруы да мүмкін. Бұл туралы инспекторлар аулаларды аралау кезінде айтты. Егде жастағы адамдарға ерекше назар аударылады. Әдетте, алданып қалатындардың көбі зейнеткерлер дейді мамандар.

Надежда Дьяченко:

– Звонки были у меня, до 40 звонков поступало. Я говорю: «Вам что, делать нечего?» Потом пошла, отключила эти все номера, какие у меня вышли) 00939 00:09-00:19 (Мы слышали, да, нам брошюрки дают, рассказывают, номера удостоверений там или карт – ничего не говорить преступникам. Это мошенники.

Жыл басынан бері облыста 700-ге жуық интернет-алаяқтық фактісі тіркелген.

Полиция қызметкерлері алаяқтың тұзағына түспес үшін банк картасына қатысты қандай да бір нөмірлерді жария етпеу қажет дейді.


Самал Жунусова