Білім

Жастардың жобалары

 

Шырын Темербаева әл-Фараби мектеп-лицейінде оқиды.
Ізденімпаз жас бүгінгі жобалар сайысына өз жаңалығын әкелді.
10-шы сыныпта оқитын бұрымды бидай сығындысынан шырын жасап, сұлыдан печенье пісірген. Өз қолымен әзірлеген тағамдардың ерекшелігі – әрі дәруменге толы, әрі адамды арықтатады. 2 ай көлемінде ізденген жобасын Шырын қазір қазылар алқасының алдында қорғайды.

ШЫРЫН ТЕМЕРБАЕВА, әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушысы
–  Бұдан адам өзінің керек емес салмағын тастай алады. Көптеген аурулардан айыға алады. Жобамның ең басты мақсаты – осы витграсс сығындысын сатылымға шығару. Бұл – бидайдан жасалынған тәттілер. Бұл жобаның өзектілігі – бұл Қазақстанда дамымаған. Ал шетелде өте жақсы дамыған. Бұл бидайдың аты – витграсс, кәдімгі ұн жасайтын.

Мәриәм Сейітжанова “Дарын” мектеп-лицейінде оқиды.
Оқушы бір тілім мақтаға дән сіңіріп, одан өсімдік өсіріп шығарған.

МӘРИӘМ СЕЙІТЖАНОВА, “Дарын” мектеп-лицейінің оқушысы
– Бұл жобаға құрбым екеуіміз біраз уақыт жұмсадық.
Біраз іздендік. Мұғалімдердің көмегіне жүгіндік. Дәнді үй жағдайында қалай өсіру керектігін көрсеткіміз келді.

Бұл – облыстық кезеңнің бірінші деңгейі. Жалпы айта кетсек, конкурс 9 бен 11-ші сынып оқушылары арасында өтіп жатыр. Жиын 100-ден аса баланың басын біріктірді. Жас өнертапқыштардың туындылары тамсануға тұрарлық. Пәндер бойынша өтіп жатқан зерттеу жобаларының келесі кезеңі желтоқсан айының 14-ші жұлдызында бастау алады.

ҚУАНЫШ БЕЛГІБАЙ, білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары:
–  Балалардың жұмыстары антиплагиат жүйесі арқылы тексерілді. Әр бала белгілі бір пән бойынша өз жобаларын алып келді. Барлығы – 19 пән. Әр бала өзі таңдаған пәні бойынша қатысуда.

Облыстық кезеңнен сүрінбей өткен оқушылар республикалық кезеңге қатысады. Оның қашан және қайда өтетіні белгісіз.


Гульден Симбаева