Спорт

Петропавлда бокстан республикалық турнир бастау алды

 

 

Облыс орталығында бокстан КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері Камиль Сафинді еске алуға арналған республикалық турнир бастау алды. Жарыстың ашылу салтанатына кезінде талай мықтының алдын ораған шаршы алаң шеберінің досы, Петропавлдың құрметті азаматы Бауыржан Құлжанов қатысып, жас спортшыларды жарыстың басталуымен құттықтады.

ЛЮФТ
БАУЫРЖАН ҚҰЛЖАНОВ, Петропавл қаласының құрметті азаматы:
–  Құрметті спортшылар! Сіздерді бүгінгі жарыспен құттықтаймын. Камиль Сафин – 70-ші жылдары еліміздің жалауын көтеріп, атағын шығарған азамат.

Дүбірлі додаға жергілікті спортшылармен қатар, еліміздің 7 облыстан келген 80 жеткіншек қатысуда. Боксшылар 13 салмақ дәрежесі бойынша қолғап түйістіреді.

АЗАМАТ ЖАҚИЯНОВ, турнирдің бас төрешісі:
–  9 команда келді. Ақмола облысы, Жамбыл облысы мен біздің облыстың спортшылары.
Жалпы, 80 спортшы қатысады. Облысымыздың намысын 16-17 жас аралығындағы 14 боксшы қорғайды.

Көп ұзамай турнир де басталды. Алғаш болып шаршы алаңға ақмолалық Данияр Нақсұт пен қарағандылық боксшы шықты. Екеуінің салмағы – 48 келі. Даниярдың тәжірибесі байқалады. Дегенмен, қарсыласы өте шапшаң. Соның арқасында жеңіс жетті.

ДАНИЯР НАҚСҰТ, турнир қатысушысы, Ақмола облысы:
– Қарсыласым мықты ойнады. Көп күтіп қойдым. Сондықтан, ұтылып қалдым. Бірақ, бұл соңғы кездесу емес. Алланың қалауымен жеңіске жетеміз.

Келесі болып ортағы қарағандылық Айбек Ырымбай мен Ақмола облысының өкілі шықты. 16 жастағы боксшылар бәсеке көркін қыздырды. Төрешілерге шешім шығару қиындық тудырған жоқ. Айбек Ырымбай бірауыздан жеңімпаз атанды.

АЙБЕК ЫРЫМБАЙ, турнир қатысушысы, Қарағанды облысы:
–  Бой жақсы өтті. 0,24 Қарсылас мықты. 01,10 Алда әлі 3 кездесу бар.

КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері Камиль Сафинді еске алуға арналған республикалық турнир 5 күнге жалғаспақ. Жеңімпаз атанғандар 11-ші желтоқсан күні өтетін ел чемпионатына жолдама алады.


Самал Жунусова