Қоғам

Қазақстанда экспорттың рекордтық көлемі тіркелді

 

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан экспортының рекордтық көлемі туралы хабарлады. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 98,4 млрд долларды құрады.
Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға көп. Ал экспорттың номинал көлемі – 63,8 млрд доллар. Бұл өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 47,5 пайызға көп. Экономикалық зерттеулер институтының есептеуі бойынша, Қазақстан экспортының нақты өсімі шамамен 3 пайызды құрады.


Самал Жунусова