Құқық қорғау органдары

Іздеген адам тергеу изоляторынан табылды

 

 

Іздеген адам тергеу изоляторынан табылды. Журналистер көзден таса болған облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бұрынғы басшысы Бақыт Ілиясовтің бірнеше ай бойы қайда екенінен бейхабар болып, ол туралы қандай да мәлімет ала алмай жүрді. Іздеген азаматқа әріптестеріміз сайлау күні кездейсоқ тап болған. Тергеу изоляторында отырған Ілиясовтің дауыс беріп жатқаны “Хабар” арнасы түсірілім тобының камерасына түсіп қалған екен. 2 күннен кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бұл жөнінде түсініктеме берді..

Графика ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметі
– СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі “СҚО әкімдігінің энергетика және ТҮКШ басқармасы” КММ, “Коммунхоз” МКК басшылары мен жол-құрылыс компаниясының басшыларына қатысты пара алу, беру және жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар Петропавл қаласының автожолдарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру, осы жұмыстарды орындаумен байланысты пара беруге және алу бойынша күдікті. Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда”.

Естеріңізге сала кетейік, басқарма бастығы болып тағайындалғанға дейін Бақыт Ілиясов қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімін басқарды.


Дана Ешкенова