Балалар

Есіл ауданында балалардың патриоттық форумы өтті

Есіл ауданындағы Ильинка ауылында оқушылардың патриоттық форумы өтті. Оған 50-ден астам бала қатысты.

ӘСЕЛ ҚАБДОЛОВА, мектеп тәлімгері, Есіл ауданы 

– “Осындай форумдарда балалар бір-бірімен танысып, жаңа дос тауып, жаңа әсер алады. Форумға облыстық әрі республикалық сайыстарда жүлделі орын алған дарынды балалар қатысып жатыр”.

Балалар форумда өзара әңгімелесіп қана қоймай, түрлі шеберлік сағаттарына қатысады. Мына залда жеткіншектер графикалық планшетпен сурет салды. Ал мына жақта форум қатысушылары қолдарына бор алды. Нәтижесі міне – мынадай пейзаж.
Шеберлік сағатында балалар әйнекте нақыштаудың қыр-сырын таныды. 11 жастағы Жарас Амангелдіге өнердің осы бір техникасы ерекше ұнайды екен.

ЖАРАС АМАНГЕЛДІ, оқушы, Есіл ауданы:
–  Үйірмеге қатысып жүргеніме 3 жыл болды. Гравировка сурет салғанға ұқсайды. Өзіме ұнайды”.

13 жастағы Матвей Беев ағаштан түрлі бұйым жасауға бейім. «Аватар» фильміне шабыт алған жас космолет құрастырған. Оның еңбегі облыстық сайыста үздік деп танылыпты.

МАТВЕЙ БЕЕВ, оқушы, Есіл ауданы:
– “Кейбір бөлшектерін станоктың көмегімен жасадық, тіпті, қалақтары айналады. Көп дүниесін қолмен жасадық, арамен аралап, наждакпен тегістедік. Соңынан лакпен көмкердім. Айрықша белгілерін күйдіріп салдым.

Патриоттық форумда балалар ұлттық ойындар ойнады. Дойбы, шахматтан да сынға түсті. Сондай-ақ, басқосуда жас таланттар өз өнерлерін көрсетті.

 


Данаш Хамзина