Құқық қорғау органдары

Заңсыз қарумен аңға шыққандар ұсталды

 

Тіркелмеген қарумен заңсыз аңшылық жасаған күдіктілер қолға түсті. Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейд өткізген. Нәтижесінде 31 және 33 жастағы ауыл тұрғындары анықталды.

ЛЮФТ:

– Добрый день! Старший инспектор капитан полиции … . Что здесь делаете?) Запись с видеожетона по незаконной охоте в Жамбылском районе  (Ружьё ваше? Вы с него стреляли? — Да. — Разрядите. А есть разрешение на оружие? — Нет) Запись с видеожетона по незаконной охоте в Жамбылском районе.

Тексеріс барысында мылтықтың тіркелмегені белгілі болды. Оқиға орнынан сібір елігінің мүшеленген еті, патрондар мен гильзалар, пышақ тәркіленді.

МАРАТ МАЛҒАЖДАРОВ, СҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы:
– Аталған факті ҚР ҚК 337-бабы 3-бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша біріңғай тергеп-тексерулердің тізіміне енгізілді. Естеріңізге сала кетейік, адамдар тобымен жасалған заңсыз аң аулаушылық 5 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу немесе мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы қарастырылған. 

Жалпы, 1 ай ішінде облыс аумағында заңсыз аңшылық жасаудың 9 фактісі анықталды.


Алтынай Казиканова