Ауыл шаруашылығы

Пайдаланылмайтын жерлер мемлекет менкшігіне қайтарылуда

Солтүстік Қазақстан облысында пайдаланылмайтын 1 млн гектар ауылшаруашылық жер бар. Оның негізгі бөлігі жайылымға, ал 234 мың гектары егістікке жатады. Бұл деректер “Қазақстан Ғарыш Сапары” АҚ жүргізген ғарыштық мониторинг жұмыстары кезінде тіркелген.

МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
–  Ауыл шаруашылығы министрлігі бізге бірнеше тапсырма берді – әр облыстан 300 мың гектар жер қайтару. Соның 88 пайызын біз орындадық. Қазіргі уақытта 250 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Ауыл шаруашылығы басқармасы облыс прокуратурасы, жер ресурстарын басқару департаментімен бірлесіп тапсырманы орындау үшін біраз жұмыс жасадық.

Бұл жұмысты жалғастыру мақсатында өңірде арнайы ведомствоаралық топ құрылған.

МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
– Жалпы ауданы 17,9 мың га жерді қайтару бойынша сотқа 71 талап арыз бердік. Соның 11 мыңға жуығы қайтарылды. Қайтарылған жерлер ауылдардың шекараларына қосылады. 79 ауылға біраз жерлер қосылды. Сот арқылы қайтарылған жерлер 114 мың гектарды құрайды.

Тәркіленген жайылымдар жергілікті халыққа пайдалануға беріледі.
Қазіргі уақытта өңірде 547 мың гектар жайылым жер жетіспейді.
Ауылдық округ әкімдіктері ауылшаруашылығы тауарын өндірушілермен олардың қарамағындағы алқаптарды тұрғындарға мал жаюға және шөп шабу үшін пайдалану мақсатында меморандумдар жасасып жатыр. Нәтижесінде 267 келісім рәсімделіп, 476 мың гектар жайылымдық жер кәдеге жаратылды.


Самал Жунусова