ТЖ

Қызылжар ауданында 10 жылыту қосыны бар

 

Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша биылғы қыс былтырғыға қарағанда аязды әрі боранды болуы мүмкін.
Ендеше, дайындық керек. Көп жағдайда жолға шыққан тұрғындар жолда тұралап қалып жатады. Көмекке келетіндер – құтқарушылар. Құтқарылған адамды жақын әрі жылы жерге апару керек. Сондайда арнайы құрылған жылыту қосындарының көмегі зор.

ЖАНАТ ДОНАНОВ, Қызылжар ауданының ТЖ бөлімінің басшысы:
– Жедел топ құрылды. Соның ішінде 30 көлік жіктелді және 60 адам жұмыс істейді. Оған қоса аудан бойынша 10 жылыту орны дайындалды. Мыңнан астам адам кіре алады. Әрбір мектепке 500 адамға дейін орналастыруға болады. Республикалық, облыстық және жергілікті жол учаскелерінде уақытша жылыту орындары бар. Онда 20-30 адам сыяды.

Жылыту қосындарының бірі Бескөлдегі №2 орта мектебінде орналасқан. Азаматтарға қажет жағдайда осы нысанда медициналық көмек көрсетіледі, ыстық тамақ беріледі.

ЛЮФТ:
НАЗГҮЛ ТҰРҒЫНБАЕВА, №2 Бескөл орта мектебі директорының орынбасары:
–  2-3 адам төтенше жағдайға тап болса, оларға жылыту бөлмесі дайын. Стол, орындықтар бар. Осы бөлмеде жылынады, шағын жайлы жағдай жасаймыз. Егер адам саны көп болса бізде үкен залымыз дайын. Ана мен балаға арналған бөлме де бар. Оған қоса 90 адамға арналған асхана қарастырылған.

Қызылжар ауданындағы 10 жылыту қосыны көлік көр жүретін жерлерде орын тепкен. Айта кетейік, ауданда қар басу қаупі жоғары 6 аумақ бар екен.

АХМЕТХАН ТОЛУЛБАЕВ – Қызылжар ауданы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау жөніндегі бас инспекторы
–  Өткен қыста боран болғанда 60 адамға көмек көрсетілді. Араларында шетелдік азаматтар да болды. Былтыр қыс жылы болғандықтан ешкім медициналық көмекке жүгінген жоқ.
Биыл аудан әкімдігінен қысқы кезеңде болатын төтенше жағдайларда әрекет етуге 18,5 млн теңге бөлінді.

Ал жолдардағы көктайғақ салдарының алдын алу үшін жергілікті билік 1650 тоннадан астам құм-тұз қоспасын дайындаған. Облыс көлемінде 300 жылыту қосыны құрылған. Олардың дені қар басуы қаупі жоғары учаскелерде орналасқан.


Самал Жунусова