Қоғам

Биыл 17 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды

 

Биыл 17 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Еліміздің 781 кәсіпорнында жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне уақытылы жалақы төлемегені анықталған. Олардың қызметкерлер алдындағы жалпы берешегі 4 млрд теңгеден асқан. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 719 нұсқама беріліп, 130 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 17 мың жұмыскердің құқығы қорғалып, 4 млн теңге көлемінде қарыздары өтелген.


Дана Ешкенова