Спорт

Білекті жастардың жарысы

 

Биыл Гуманитарлық-техникалық колледжге – 92 жыл. Осыған орай білім ұясында жастар арасында гір тасын көтеруден облыстық ашық турнир өтті. Оған 100-ден астам спортшы қатысты. Білекті әр жасқа 10 минуттан беріледі. Осы уақыт ішінде гірді кім көп әрі дұрыс көтереді, сол жеңіске жетеді. Қатысушылардың барлығы мықты. Олардың біразының көрсеткіші 100-ден асып түсті.

Ортада Нұрасыл Ерболатұлы бақ сынап жатыр. Ол Уәлиханов ауданының намысын қорғайды. 12 жасар спортшы берілген уақыт ішінде гір тасын 90-нан асыра көтерді.

НҰРАСЫЛ ЕРБОЛАТҰЛЫ, турнирге қатысушы, Уәлиханов ауданы:
–  Гірмен айналысып жүргеніме 2 жыл болды. 16 келілік гірді 10 минуттың ішінде 94 рет көтердім.

Жалпы, облыстық ашық турнирге өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 14 команда қатысты. Спортшылардың ең кішісі 12 жаста.

СЕРГЕЙ ГУТЕВИЧ, турнирдің бас төрешісі:
–  Ұл балалар 11 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынауда. Ал қыздар 4 салмақта өнер көрсетіп жатыр. Қатысушылар жақсы дайындықпен келген.

Жеңіске жеткен жастар жүлдесіз қалмады. Оларға грамота мен медальдар табысталды.


Гульден Симбаева