Құқық қорғау органдары

Жиһаз алмақшы болған қала тұрғындарын алдаған алаяқ 6 жылға сотталды

 

Интернетте жиһаз іздеген петропавлдықтар мүлік арзанға сатылады деген хабарландыруға кез болады. Хабарландырудың авторы – алаяқ. Одан бейхабар болған 3 бірдей петропавлдық алдын ала төлем жасап, сан соғып қалады. Қу жігіт ақшаны қалтаға басып, ізім-ғайым жоғалған. Кейін бірнеше интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен Алматы қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталады. Тергеу барысында оның 51 адамды алдағаны анықталды. Желге ұшқан ақша – 4 млн теңге. Алаяқ 6 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылды.


Дана Ешкенова