Қоғам

Спорт саласының өкілдері де өз таңдауын жасады

«Qulager» ХК директоры Руслан Есеналин 661-шы учаскеге тіркелген. Салауатты өмір салтын ұстанатын азамат науқанның маңыздылығын терең ұғынады, дауыс беруге асқан жауапкершілікпен қарайды. Бұқаралық спорт түрлерінің аяқ алысы жеделдеп, спорт көпшілікке қолжетімді болғанын қалайды.

РУСЛАН ЕСЕНАЛИН, «Qulager» ХК директоры:
–  Құрметті жерлестер, мен өз таңдауымды жасадым. Барлықтарыңызды сайлауға келіп, Қазақстанның болашағы үшін дауыс беруге шақырамын. Менің ойымша, сайлау еліміз үшін, жастардың болашағы үшін өте маңызды.

ГҮЛДЕН СИМБАЕВА, тілші
– «Дәл қазір біз гуманитарлық-техникалық колледжінде орналасқан 575-ші сайлау учаскесіндеміз. Мұнда 1656 адам дауыс беруі тиіс. Сағат 11-ге дейін 250 адам дауыс берген».

Ал ХXIV Сурдлимпиада ойындарының чемпионы жеңіл атлетші Фархад Қыстаубаев өз дауысын 575-ші сайлау учаскесінде берді.

ФАРХАД ҚЫСТАУБАЕВ, ХXIV Сурдлимпиада ойындарының чемпионы

–  Бұл маңызды сайлауда әр қазақстандық өз таңдауын жасауы керек. Ең бастысы, еліміз көркейіп, келешегі жарқын болсын.

Айта кетейік, саяси науқанға алғаш қатысып отырған жастарға шағын сыйлықтар қарастырылған. Комиссия өкілдерінің айтуынша жалпы тұрғындардың қатысу белсенділігі жақсы.

АЛМАТ МАКИШЕВ, №575 сайлау учаскесі төрағасының орынбасары
– Жалпы айтқанда қарт адамдар да, жастар да, өзінің азаматтық борыштарын орындап белсенділіктерін өте жақсы көрсетіп жатыр. Келген адамдардың көңіл күйлері жақсы. Ешқандай заңбұзушылық орын алған жоқ.

блиц
– Бүгінгі сайлауға қатысу біздің болашағымызға маңызды. Дұрыс таңдау жасаймыз. Мен алдағы уақытта еліміз одан әрі көркейетініне сенемін.
–  Елімізде тыныштық болсын. Еліміз көркейе берсін. Аман-сау болайық бәріміз. Әрбірінің таңдауы еліміз үшін маңызды.


Гульден Симбаева