Аптадағы маңызды жаңалықтар

Сайлау учаскелері жабылды

 

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
–  Сағат кешкі 8-ге таяп қалды. Санаулы минуттардан соң өңір аумағындағы 640 учаскенің барлығы жабылады. Яғни, Солтүстік Қазақстан облысында дауыс беру аяқталады. Тарихи іс-шара аяқталар шақта Надежда Крупская атындағы №10 орта мектебінде орналасқан 587-ші сайлау учаскесіне арнайы келдік. Таңмен таласа тұрған мұндағы мамандар әлі де тізе бүкпей тер төгіп жатыр. Жаңа бақылаушылармен тілдестік. Олар ешқандай бұзушылық тіркелмегенін айтады.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
– Міне, жәшік ашылар сәтке де келіп жеттік. Комиссия мүшелері бюллетендерді үстелге төгіп жатыр. Қазір оларды санау басталады. Өте жауапты жұмыс деп айту қажет. Себебі, Президент таңдауы кезінде әр адамның дауысы маңызды.

ЗИЯТ АРЫҚОВ, №587 сайлау учаскесінің төрағасы:

– Біздің учаскеде 2556 адам тіркелген. Олардың 946-сы дауыс берді. Келушілердің көбі – егде жастағы адамдар.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
– Осы орайда аз-кем статистикалық ақпармен бөлісейік. Бүгін 386 672 солтүстікқазақстандықта дауыс беру құқығы болды. Оның 161 мыңнан астамы – петропавлдық. Облыс орталығында 94 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Бюллетендерді санау біршама уақытты алатыны түсінікті. Жалпы қорытынды алдағы уақытта жария етіледі. Сіздермен міндетті түрде бөлісетін боламыз. Құрметті қауым, арнамыздың инстаграмм желісіндегі парақшасында ақпарат үздіксіз таратылып жатқанын хабарлағымыз келеді. Сол парақшаға тіркеліп, өңір және ел көлеміндегі деректермен бірінші болып таныса аласыздар!


Байболат Култанов