Қоғам

Облыс аудандарында 546 сайлау учаскесі жұмыс істеуде

САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші:
– Біз қазір Қызылжар ауданына қарасты Прибрежное ауылындағы Озерное орта мектебінде тұрмыз. Мұнда №302 сайлау учаскесі орналасқан. Осы жерде 1141 адам дауыс беруі қажет. Жарты күн ішінде жергілікті халықтың 530-ы өз таңдауын жасапты.

Бұл – елді мекендегі жалғыз сайлау учаскесі. Тұрғындардың дені таңертен келіп дауыстарын берген.

ҮМІТЖАН ТҰРХАНОВА, №302 сайлау учаскесі комиссиясының төрайымы, Қызылжар ауданы:
– Сайлау комиссиясы жұмысын атқарып жатыр. Құрамында 7 адам бар. Алғаш дауыс беріп жатқан 6 адам бар. Оларға ауылдық округ әкімі сыйлықтар дайындады. Бәрі жақсы өтіп жатыр, бұзушылықтар жоқ.

Ауылда денсаулығына байланысты үйінен шыға алмайтын жандар үшін жылжымалы жәшіктер ұйымдастырылдған. 302-ші сайлау учаскесіне осындай 18 адам тіркелген екен. Солардың бірі – 71 жастағы Валентина Гололобова. Зейнеткер саяси маңызды науқандарға белсенді араласады.

ВАЛЕНТИНА ГОЛОЛОБОВА, Прибрежное ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:
–  Прибрежное ауылында тұрып жатқаныма 22 жыл болды. Әр сайлауда міндетті түрде өз дауысымды беріп отыруға тырысамын. Себебі, бұл – біздің болашағымыз үшін маңызды науқан.

Облыс аудандарында бүгін 546 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.


Самал Жунусова