Қоғам

Аға буын өкілдері сайлауға отбасы мүшелерімен қатысуда

№661 сайлау учаскесінде дауыс беру науқаны қызған. Азаматтар Отанымыздың әрмен қарай өсіп-өркендеп, дамуы үшін таңдауларын жасауда. Көптің ішінен Қозыбаев университетінің профессоры Зарқын Тайшыбайды көріп қалдық. Маңызды күнге өзі жалғыз келмеген, қасында зайыбы бар. Азамат Қазақстандағы тұрақтылық пен келісім баянды болса екен дейді.

ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙ, профессор, академик:
–  Бұл – өте маңызды сайлау. Қоғам жаңарады деген сөз. Сайлауға таңғы 6-дан келетінбіз. Бүгін сәл кешіректеу келдік. Сайлау жемісті болсын.

Ел тізгінін мықтап ұстайтын басшы таңдалатын күннен Жамбыл Тасеменов те шет қалмады. Облыстың құрметті азаматы еліміз тәуелсіздік алғалы сайлаулардың ешбірінен қалмаған. Бүгін ұрпағына үлгі көрсетіп, немерелерімен бірге келген.

ЖАМБЫЛ ТАСЕМЕНОВ, облыстың құрметті азаматы:
–  Халықтың жағдайын жақсарту, жастарды спортқа бейімдесе, жастардың денсаулығы жақсы болады. Өзім спорт саласында көп жыл қызмет еткендіктен, соны қалаймын. Еліміз тыныш болып, халқымыздың бірлігі арта берсін.

Жамбыл Тасеменов тіркелген №659 сайлау учаскесінде ең алғашқы таңдау сағат 7:00-де жасалған. 64 жастағы тұрғыннан кейін келушілер ағыла бастапты. Мұнда 8 солтүстікқазақстандық бірінші рет дауыс береді.

АЛТЫНАЙ ҚАЗИҚАН, тілші:
– №659 сайлау учаскесінде 1210 дауыс беруші тіркелген. Сағат 11-дегі ақпарат бойынша оның 259-ы өз таңдауын жасапты.

КӨПЕЙ БАБАКОВА, №659 сайлау учаскесі сайлау комиссиясының хатшысы:
–  Үйде дауыс беру ұйымдастырылды. Мүгедектігі бар, денсаулығына байланысты учаскеге келіп дауыс бере алмайтын 16 адам тіркелді. Түстен кейін шығамыз. Сағат 2-ден кейін. Халық осы жерде белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Уақыт болған кезде сағат 2-ден 4-ке дейін үйлеріне барып, дауыстарын жинаймыз.

Ел болашағы үшін дауыс беруге келушілердің бұл жақта да қарасы қалың. Байқанымыздай, көпшілігі жұбайларымен, бала-шағаларымен таңдау жасап жатыр. Азаматтардың түгелі дерлік Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенімді.


Алтынай Казиканова