Қоғам

Желтоқсанда қазақстандықтар 10 күн демалады

 

 

Қыс мезгілінің алғашқы айында қазақстандықтар азырақ демалады.
1 желтоқсан енді жұмыс күні болып саналады. 16-сы – Тәуелсіздік күні жұмаға келіп тұр. Мерекеге байланысты қазақстандықтар 16-сы, 17-сі және 18-і, яғни жұма, сенбі мен жексенбі күндері демалады. Ал жұмасына алты күн жұмыс істейтіндер – 2 күн. Сонымен, осы жолы желтоқсан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында бес демалыс күні болады. Биылғы Жаңа жыл 31 желтоқсан – сенбіге және 1 қаңтар – жексенбіге келіп тұр. Бұл күндері қазақстандықтар жұмыс істемейді.


Самал Жунусова