ТЖ

Петропавлда газ баллоны жарылып, 9 адам жарақат алды

 

 

Бұл – Петропавлда кеше болған оқиға. Жаға ұстатарлық жағдай көрші нысандағы бейнебақылау камерасына жазылып қалған.
Отқа оранған адамдар бірінен соң бірі сыртқа жүгіріп шықты.
Тұрғындарды елең еткізген жағдай күндізгі 4-тер шамасында Гашек көшесінің бойында орналасқан қызмет көрсету станциясында болды. Нысан ішінде тұрған көліктердің бірінің газ баллоны жарылған. Дүмпудің қатты болғаны сонша ғимараттың бір бөлігі опырылып түсіпті. Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады. Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Жарылыстың салдарынан 9 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Олардың 4-еуі алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.

 Валерий Грибашов, 3-ші қалалық ауруханасы жарақат зардабын емдеу пунктінің меңгерушісі:
– Кеше 3-ші қалалық аурухананың жарақат бөліміне күйік шалған 9 адам жеткізілді. 4-еуінің денесін 1-ші және 3-ші дәрежелі күйік шалған. Көбіне беттері мен қолдары жарақаттанған. Олар кеше дәрігерлердің бақылауында болып, төртеуі де бүгін үйлеріне жіберілді. 1-ші, 2-ші және 3-ші А және В дәрежесінде күйік алған қалған 4 адам жарақат бөлімшесінде ем қабылдауда. Тағы біреуі жақ-бет хирургия бөлімшесінде жатыр. 5 азаматтың жағдайын орташа деп бағалап отырмыз.


Дана Ешкенова