Білім

Дарынды балаларға – дарынды мұғалім

 

Әлихан Бөкейханов атындағы қалалық №25 орта мектебінде жас педагогтар арасында «Дарынды балаларға – дарынды мұғалім» деген атаумен олимпиада өтіп жатыр. Жарыс облыстық, бірнеше кезеңнен тұрады. Жас ұстаздар әуелі өздерін таныстырады, кейін жобаларын қорғайды. Досжан Нұрқожа – Бескөлдегі “Парасат” мектеп-лицейінде тарих пәнінен сабақ береді. Оның қазылар алқасына ұсынған жобасы дебат ойындарына қатысты.

ДОСЖАН НҰРҚОЖА, “Парасат” мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі
–  Бүгінгі конкурсқа ұсынатын негізгі әдіс-тәсілімнің бірі -дебат. Яғни дебат әдіс-тәсілін өзімнің тарих сабағымда дамытқым келеді. Алдағы уақытта да оқушылардың сөйлеу қабілетін, тілдік манерасын дамыту барысында осымен жұмыс жасағым келеді.

Облыстық деңгейде 30 мұғалім бақ сынасып жатыр. Еңбек өтілдері 5 жылдан аспауы қажет. Олимпиадаға мұғалімдерден өзге мектеп психологтары мен тәлімгерлер де қатысуда.

НҰРЛАН САЛЫҚОВ, СҚО білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері
–  Бүгінгі таңда ұстаздың келбеті қандай? Ақпараттық технологиялар дамыған заманда ұстаз қандай болу керек? Заманауи ұстаз дарынды, жан-жақты, көп тілді білетін адам болуы керек.

Облыстық кезеңнен сүрінбей өткендер қаңтар айындағы республикалық байқауға қатысады.


Гульден Симбаева