Білім

Өндірістік тәжірибе мұғалімдері арасында семинар-тренинг өтті

 

Ауылда кәсіпкерлік бастамаларды дамытудың драйвері ретінде білікті кадр даярлау». Осындай атаумен Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде семинар-тренинг өтті. Өңірде 10 колледж 250 кәсіпорынмен өндірістік тәжірибе туралы келісімшарт жасасқан. Яғни, білім алып жүрген жастар өздерінің қарым-қабілеттерін белгілі бір кәсіпорында өндірістік тәжірибе өту кезінде шыңдай алады. Осы күзде 500-ден астам студент тәжірибеден өткен.

РОЗА СӘРКЕН, Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының директоры
– Оқытушылар облысымыздың өндірісінде болды, заманауи технологиялардың қалай жұмыс істейтінін көрді. Сонымен қатар, семинарда түйткілді мәселелер қарастырылды.


Гульден Симбаева