Қоғам

ҰҰ Академиясының курсанттарын тәрбиелеу мәселесі сөз етілді

 

 

 

Бүгін Ұлттық Ұлан Академиясының оқытушылары семинар өткізді. Жиналғандар әскери білім беруді одан әрі дамытып, нағыз патриот тәрбиелеп шығару тақырыбын талқыға салды. Ұстаздар осы төңірегінде баяндама да дайындап әкеліпті.

БОЛАТ СМАҒҰЛОВ, ҚР ҰҰ Академиясы әскери педагогика және психология кафедрасының цикл бастығы:
–  Әскери тәртіп деген ұғымды барлығы біледі. Бірақ, тәртіптік іскерлікті көп адамдар түсіне бермейді. Біз бүгінгі күні әскерде заңды, әскери жарғыны бұзғандар жазаланады деген қағидамен жүреміз. Әр адамның сана-сезіміне әсер етіп, жауапкершіліктерін арттыру жолдарын ұсынамын.

ҚР әскери академигі Жанбатыр Сартаевтың айтуынша, курсанттардың оқуға түсуінің өзі – патриотизм. Профессор жергілікті оқу орнының әскери дайындығын жоғары бағалап отыр. Бірақ, мұнымен тоқтап қалмау керек, атқарылатын жұмыс әлі алда.

ЖАНБАТЫР САРТАЕВ, ҚР әскери академигі, профессор
–  Жеке құрамның тәрбие жұмысында проблемалар жоқ емес. Одан қалды, патриотизмді арттыру қажет. Ал оған бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың ерлігін жастарға насихаттау арқылы қол жеткізе аламыз. Бұл ретте Академия мамандарының атқарып жатқан істеріне куә болып жүрміз. Солтүстік жерінде табылған батырлар жайлы жазатын өзіміздің газет-журналдарымыз да бар.

Бүгінгі баяндамалар мен ғылыми мақалалардың әрқайсысы өз бағасын алып, арнайы жинаққа жіберілді. Ол үшін барлығы 50-ден астам курсант пен оқытушы еңбектенген.


Алтынай Казиканова