Білім

Президент: Бәсекеге қабілетті оқу орындары керек

 

 

Мемлекет басшысы Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесті. Жүздесуде педагог мәртебесін көтеру жайлы айтылды. Үкімет 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап оқытушылардың, сондай-ақ, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарындағы ғалымдардың еңбекақысын ұлғайту механизмдерін пысықтамақ. Инженерлік-техникалық салаға мән беріледі. Нақтырай айтсақ, бұл бағатқа бөлінетін гранттардың саны артады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне лайықты көңіл бөлу қажеттігін тілге тиек еттті. Президент сапалы әрі қолжетімді білім беру ісін дамытуға да назар аударды. Елімізге диплом тарататын мекемелер емес, бәсекеге қабілетті оқу орындары керек екенін айтқан мемлекет басшысы талапқа сай келмеген бірқатар жоғары оқу орны мен колледж жабылатынын алға тартты.


ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Менің тапсырмам бойынша шетелдік жетекші университеттермен академиялық ынтымақтастық нығайып келеді. Еліміздің түрлі қаласындағы отандық жоғары оқу орындары базасында ресейлік бірнеше ірі университеттің филиалдары ашылды. Ал Петропавл қаласындағы Kozybayev University оқу орнында 175 студент Аризона университетінің бағдарламасымен білім ала бастады. Жуырда Қазақстанда Ұлыбритания, Германия, Канада, Нидерланд, Оңтүстік Корея және АҚШ жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады.

.


Байболат Култанов