ТЖ

СҚО-да қыстың алғашқы екі айы қарлы-боранды болады

 

 

 

 

САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші:

– Қазгидрометтің болжамы бойынша желтоқсан-қаңтар айлары боранды болып, қар қалың түседі. Осы ретте өңірде 300 жылыту пункті әзірленді. Жолдарды тазалауға шығатын 1250 техника сақадай сай тұр.

Соңғы екі жылда қыс мезгілінде жолдар 30 рет жабылып, жеңіл көліктердің жүруіне шектеу қойылды. Биыл қар аз болса да көліктердің трассаға шығуына 23 рет уақытша тыйым салынды.
Ал осы қазан айынан бастап республикалық маңыздағы жолдар екі рет жабылды.

СЕРІК НАУРЫЗБАЕВ, СҚО ТЖД БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
– Өңір тұрғындары мен қонақтарын дауылды ескертулерге құлақ асып, күн райы бұзылған жағдайда, әсіресе, боранда жолға шықпауға кеңес беремін. Алыс жолға шыққан жағдайда көліктің техникалық жағдайын тексертіп алған жөн. Өзіңізбен бірге күрек, майшам, жылы киім алып шығуды ұмытпаңыз. Дизельмен жүретін көлік болған жағдайда маусымдық отынды пайдалану қажет. Өйткені, бұған дейін жазғы дизель отынын құйып, жолда тоқтап қалу жағдайлары болды.

Жалпы, өңірде ұзындығы 9 мың шақырымға жуық жол бар. Серік Наурызбаевтің айтуынша, қыс басталмай жатып құтқарушылар бірқатар апаттық-құтқару жұмысын жүргізген. Соның бірі қарашаның басында Тайынша ауданындағы Келлеровка елді мекенінде болды. Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңыздағы аралық жабылып, автобуспен келе жатқан 43 адам, соның ішінде 7 бала жылыту пунктіне орналастырылып, сонда түнеп шыққан. Автобус толы жолаушылар – Ресей азаматтары.


Самал Жунусова