Денсаулық сақтау

СҚО-да қазаннан бері 159 адам тұмаудың В түрін жұқтырған

 

Қазан айынан бері, яғни эпидемиялық маусым басталғалы 159 теріскейлік тұмаудың В түрін жұқтырған. Сонымен қатар, жіті респираторлық вирустық инфекцияның 8 мыңға жуық фактісі тіркеліпті. Өткен жұманың өзінде 1689 солтүстікқазақстандықтың науқастанғаны белгілі болып отыр. Екпе егу жайлы да дерекпен бөлісейік. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, өңірде тұмауға қарсы вакцинаны 72 мыңнан астам адам қойдырған. Көпшілікті әуреге салған коронавирус індеті туралы да ақпарат бар. Өткен тәулікте Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырудың 60 дерегі тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде 747 адам қауіпті індеттен айығу үстінде. Оның 86-сы стационарлық, ал 661-і амбулаторлық деңгейде ем қабылдауда. Ал біздің облыста соңғы аптада 5 тұрғын сырқаттанған.


Алтынай Казиканова