Құқық қорғау органдары

Өңірде мал ұрлығы тыйылар емес

 

Облыстық полиция департаментінде Консультативтік кеңесші органның кезекті отырысы өтті. Іс-шараға басқарма басшылары қатысып, төрт-түлік ұрлығын болдырмау жайлы сөз қозғады. Малдың қолды болуы – бірінші кезекте ауыл тұрғындары үшін өте өзекті мәселенің бірі. Көбіне мұндай заң бұзушылық тұяқтылар кезекпен бағылатын және бақташысы жоқ елді мекендерде тіркеледі. Қылмыстың алдын алу үшін полицейлер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп меморандум жасасыпты. Оның аясында арнайы шашпалар құрылған. Оларға қаңғыбас мал қамалады. Соңғы 10 айда өңір аумағындағы 18 тұраққа 1480-ден астам төрт-түлік қамалыпты.


Гульден Симбаева