Қоғам

Ел экономикасы қалыпты өсу қарқынын сақтап отыр

 

YouTube Embed: No video/playlist ID has been supplied

https://www.youtube.com/watch?v=cS6N4cF9Ebs[/youtube]

Кеше еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Алқалы жиында биылғы жылдың 10 айындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров экономиканың өсу қарқыны 2,5%-ды құрағанын баяндады. Соның ішінде өсім нақты секторда – 2,8, қызмет көрсету саласында 1,6%-ды құрап отыр. Ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және қоймалау салаларында оң динамика байқалады. 10 айда мемлекеттік бюджетке – 12 трлн 427 млрд, республикалыққа – 8,4 трлн, ал жергілікті бюджеттерге 4 трлн теңгеден астам кіріс түскен. Баяндамашыларды тыңдап болған Әлихан Смайылов қазір ел экономикасы қалыпты өсу қарқынын сақтап отырғанын атап өтті. Бұл қарқынды ұстап тұру үшін экономиканы әрі қарай әртараптандыру, инвестиция тарту қажеттігін айтты.


ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР Премьер-Министрі:
– Өңір әкімдіктері жоспарланған көрсеткіштерді қамтамасыз етіп, инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруы қажет. Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды іске асыруға тұрақты мониторинг жүргізуі тиіс. Бағаның өсуін тежеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау керек.


Алтынай Казиканова