Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 364 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Мұндай ақпаратты еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады. Белгілі болғандай, 530,8 мың адам мүгедектігі бойынша, 171 мың азамат асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақы алады. Осы жылдың қазан айында жоғарыда аталған көмек түрін көрсету үшін республикалық бюджеттен 36 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Мүгедектігі бойынша төленетін жәрдемақының орташа мөлшері – 53 364, асыраушысынан айырылу жағдайына төленетін сома 48 877 теңгені құрайды.
Алтынай Казиканова