Құқық қорғау органдары

Балалар ауруханасына анасы тастап кеткен 3 айлық сәби жеткізілді

 

 

Тар құрсаққа сыйған баланы анасы кең дүниеге сыйдыра алмады ма? Бүгін желіде “кішкентай нәрестені аурухана алдына тастап кетті” деген ақпар желдей есті. Бұл жағдайға қатысты облыстық көпбейінді балалар ауруханасының әкімшілігі түсініктеме берді. Ақхалаттылардың сөзінше, нәрестені күндізгі сағат 16:30 шамасында медициналық мекемеге полиция қызметкерлері жеткізіпті. Қазіргі таңда мамандар баланың денсаулығын жіті тексеріп, қадағалауда. Емдеу мекемесінің әкімшілігі қамқоршылық органдарымен байланыс орнатыпты. Жақын арада нәрестенің алдағы тағдыры белгілі болады.