12 бірдей пышақпен не стемекші болған? Бұны қазір полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Көлікпен келе жатқан 36 жастағы қала тұрғыны “Жезқазған-Петропавл” автожолында жол жүру ережесін бұзады. Мамандар оны тоқтатып, машинаның жүксалғышын ашып қалғанда сөмкеде самсап жатқан өткір жүзді пышақтарды көреді. Жүргізуші мен оның екі жолаушысы өздерін қасапшымыз таныстырған. Пышақтар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде суық қару деп танылса, ер адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Дана Ешкенова