МТРА жаңалықтары

Қазақстанда 450 мыңнан астам адам жұмыссыз отыр

Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сай елімізде жұмыссыз отырған адамдардың саны 450 мыңнан асады. Оның 16 пайызы – 15 пен 28 жас аралығындағылар. Ағымдағы жылдың III тоқсанында 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 9,3 млн адамды құрады. Оның 8 млн 800 мыңы жұмыспен қамтылған. Тұрақты табыс көзін тауып отырған халықтың дені сауда, ауыл шаруашылығы, білім беру және өнеркәсіп сынды салаларда қызмет етеді.


Дана Ешкенова