МТРА жаңалықтары

Тоқсан бидің туғанына – 285 жыл

Бүгін облыстық кітапханада Тоқсан бидің 285 жылдығына арналған тарихи-әдеби кеш ұйымдастырылды. «Әр сөзі алтын болған асыл баба» атты шарада оның шешендігі, даналығы, батылдығы жайлы айтылды. Кешке Тоқсан бидің жерлестері мен ұрпағы қатысты. Беделді би кезінде шешендігімен ғана емес, батырлығымен де көзге түскен дейді Тоқсан бидің туысы Гүлшат Рамазанова.

ГҮЛШАТ РАМАЗАНОВА, Тоқсан бидің туысы:


–  Ол кісінің Доғалақ деген баласы болыс болған уақытта өте сын көзбен қараған. Доғалақ болыс болды дегенше әділетсіздік келді десейші деген сөздер айтқан. Яғни баласына сын көзбен қарап оны бұл жұмысты алып жүре алмайтындығын тура айтқан. Бұл өте жақсы қасиет деп ойлаймын.

Зерттеуші Дәстен Баймұқанов Тоқсан биді 30 жылдан астам уақыт бойы зерттеп келген. Қазір ол тыңдаушыларға тарихи тұлғаның өмірі мен ерлігі, адамгершілігі жайлы айтуда. Сөзінше, Тоқсан бидің атасы Қара би немересін шешендік өнерге баулып, көпшілік арасында танылуына зор септігін тигізген. Айта кетсек, қаламыздағы бір көшеге данышпанның аты берілген және Ғабит Мүсірепов ауданында Тоқсан би ауылы бар.

ДӘСТЕН БАЙМҰҚАНОВ, зерттеуші
–  Кезінде атақты Есенейді тоқтатқан. Сексен дейтін інісі батыр болған адам. Билік құрылған кезді Сексен де ағасымен билікке таласқан. Билік таласудың өзі қиын нәрсе. Сол биліктің шешіміне Киікбай би араласып, екі бауырдың арасына түсіп осы дауды тоқтатты.

Жиын соңында тыңдарман қауым Тоқсан би жайында жазылған деректермен танысып шықты.


Гульден Симбаева