МТРА жаңалықтары

СҚО-да 385 мыңнан астам сайлаушы дауыс береді

 

10 күннен кейін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Өңіріміз саяси науқанға сақадай сай. Осы ретте солтүстікқазақстандықтармен кездесіп, іс-шара жайлы пікірлерін білдік. Қоса өтсек, біздің облыста 385 мыңнан астам сайлаушы бар. 72 жастағы петропавлдық Вера Норова дауыс беруге міндетті түрде баратынын айтады. Қай учаскеге тіркелгенінен де хабардар.

ВЕРА НОРОВА, қала тұрғыны:
–  Осындай маңызды шаралардың бірінен қалмауға тырысамын. Жалпы, Президент сайлауына қатысып, таңдау жасау – әр қазақстандықтың міндеті. Баршамыз жұмылып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ, біршама жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Өзім зейнеткер болсам да менің даусымның еліміздің болашағына тигізер пайдасы зор.

Біздің сауалымызға 10 адам жауап берді. Барлығы бірауыздан сайлауға қатысатындарын айтады. Тұрғындар үміткерлер жайлы ақпаратпен танысып шығыпты.

блиц
–  Сайлауға шақырту қағазы келді. Өзімнің азаматтық міндетімді орындап, еліміздің көркейіп, халқымыздың тұрмысы жақсаруы үшін өз таңдауымды жасамақпын.

–  Елімізде өзгеріс орын алғалы жатқанда шетте қала алмаймын. Сол үшін Қазақстанымызды дамытатын, болашамызды сеніп тапсыратын жанды таңдауға барамын.


Алтынай Казиканова