МТРА жаңалықтары

Зағип жандар күніне орай концерттік іс-шара ұйымдастырылды

 

Қарашаның 13-і – халықаралық зағиптар күні. Осыған байланысты Ақан сері атындағы облыстық филармония әртістері жанарынан айырылған жандардың ұйымында концерт қойды. Шараның тыңдарман қауымның
көңілінен шыққаны соншалық, әншілермен бірге қосылып ән айтты.
Жергілікті зағиптар ұйымына 600-ге жуық адам мүшелік етеді.
Көз жанарынан айрылған жан әсем әуенді ішкі жан дүниесімен терең сезінеді дейді Ақан сері атындағы облыстық филармония директорының орынбасары Қымбат Оспанова.

ҚЫМБАТ ОСПАНОВА: Ақан сері атындағы облыстық филармония директорының орынбасары:
–  Өздеріне таныс, ерекше әндерді әкеліп отырмыз. Бізді де жақсы қарсы алып отыр. Әндеріміздің арасында қазақ, орыс, ағылшын әндері бар.


Гульден Симбаева