МТРА жаңалықтары

Үздік жедел уәкіл

Облыстық полиция департаментінде “Үздік жедел уәкіл” байқауы қорытындыланды. Жыл сайын ұйымдастырылатын кәсіби байқауға әр аумақтың үздіктері жіберіледі. Адамдармен қарым-қатынас жасай білу, сауаттылық, төзімділік пен білім-біліктілікті үнемі арттырып отыру – бұл қазіргі криминалдық полиция қызметкерлеріне қойылатын негізгі талаптар. Биыл сайысқа 10-нан астам маман қатысты. Үшкезеңдік байқауда қатысушылардың заң мен нормативтік-құқықтық актілер бойынша білімі тексеріліп, атыс дайындығы мен дене шынықтырудан қарым-қабілеті сыналған. Оған қоса арнайы жауынгерлік әдістерді де білуі қажет.

Мадияр Харипов, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:
– Бұл байқауға 13 жедел уәкіл қатысты. Үздік болып криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Марат Халимуллин танылды.


Самал Жунусова