МТРА жаңалықтары

Судағы рейд

Ел бойынша биыл балық аулау кезінде 10 адам көз жұмды. Абырой болғанда, мұндай жағдай біздің өңірде балықшылар арасында тіркелген жоқ. Бұл – түсіндіру шараларының нәтижесі дейді мамандар. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қазір балықшылар арасында рейд өткізіп жатыр.

РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ, СҚО ТЖД басқармасының офицері
– Балықшылар судың беті мұзға айналмағанша суға жақындамауы тиіс. Біз іс-шараны күнделікті жүргізгенге байланысты облыс аумағында бүгінгі күнге дейін балық аулау кезінде қайғылы оқиға орын алмады.

Біз де төтенше жағдай қызметкерімен бірге қайыққа отырып өзен бойын шолып өттік. Балық аулап отырған бір-ақ адамды кездестірдік. Бірақ, оның өзі мамандармен тілдесуге құлық танытпады.

РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ, СҚО ТЖД басқармасының офицері:
– Жедел-құтқару жасағының техникасы тексеріліп, су айдынында әрекет етуге дайындалды. Бүгінгі күні облыс халқымен 10 мыңнан аса дәрістер жүргізіліп, 285 рейдтік іс-шара жүргізілді. Іс-шара кезінде халыққа 10 мыңнан аса үгіт-насихат материалы таратылды.

Рейдтік іс-шара жыл соңына дейін жалғасады.


Гульден Симбаева