МТРА жаңалықтары

СҚО-ға Орталық сайлау комиссиясының төрағасы келді

Бүгін өңірге еліміздің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы келді. Нұрлан Әбдіров алдымен №577 сайлау учаскесінің маңызды науқанға дайындығын тексерді. Балалар кітапханасына жайғасқан бөлімше қазанның аяғында құрылған. Дауыс беруге келгендер біріншіден кіреберісте кандиттардың тізімімен, сайлау жайлы ақпаратпен танысады. Нұрлан Әбдіров мұның өте орынды екенін әрі учаскеде барлығы талап бойынша орналасқанын айтты.

ЛЮФТ
НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
–  Мы должны создавать все условия, чтобы люди с инвалидностью не испытывали никаких проблем. Когда они будут заходить кто-то у вас встречают? Есть там звонок?
-У нас есть дежурный.

№577 сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы кабина қойылған. Оның іші өзгелеріне қарағанда кеңірек. Ал құлағы нашар еститіндер үшін компьютері бар бөлек үстел дайындалыпты. Жалпы, мұнда 1630 сайлаушы өз таңдауын жасамақ. Оның үшеуі алғаш рет дауыс бергелі жатыр.

ГҮЛИЯ ЕРЕЖЕПОВА, №577 сайлау учаскесінің комиссия хатшысы
– Учаскеміздің сайлаушыларына шақырту қағаздары таратылды. Мүгедекті бар және қарт адамдардың өтініші бойынша үйлерінде дауыс береді. Біздің учаскемізде 11 көше бар. Ол Ульянов, 34, 36, 44, Егемен Қазақстан, 70, К.Сүтішев, 17,18, 21 және Пушкин, 43,57, Қазақстан Конституция көшесі, 5.

Қоса кетсек, сайлау барысында тілшілердің жұмысына қатысты өзгерістер бар.

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
–  17-сінен бастап телеарнаның 3 өкілі сайлау учаскесіне кіріп, жұмыс істей алатыны туралы норма күшіне енеді. Өйткені, ол жақтан 1 оператор мен екі тілде жазатын қос журналист келеді. Ал басқа БАҚ ұйымдарының тек 1 журналисін кіргізуге рұқсат. Осыны ескерген жөн.

Жалпы, кітапханадағы учаскеде барлығы талапқа сай десек болады. Ал Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында орналасқан №662 бөлімше біраз сынға ұшырады. Нұрлан Әбдіров сайлау жәшігін басқа жерге көшіру қажеттігін көрсетті.


НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
– Біреу келіп, мынаның ішіне қағазын сала салса? Жәшік кең жерде тұруы керек. Кірген байқаушыларды, БАҚ өкілдерін сіздер тіркеп, құжаттарын тексересіздер. Сол үшін мына жерде біреу отыруы керек. Комиссия мүшелеріне ешкім бөгет болмауы керек.

Учаске өкілдері кемшіліктерді түзейтіндерін айтты. Бұл жақта 1577 сайлаушы дауыс береді.


Алтынай Казиканова