МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді

 

Мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейді. Үкімет осындай шешім шығарды. Билік көші-қон мәселелері бойынша 4 отырыс өткізді. Нәтижесінде “ҚР азаматтығы туралы” заңға өзгерістер енгізілді. Енді елімізге келіп, “қазақстандық” деген атқа ие болғысы келетін жандар тілмен қатар тарихты, ұлттық заңнамалар негіздерін білуі тиіс.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР Премьер-Министрі
– “Елімізде мемлекеттік тілді, қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін үйренгісі келетіндер үшін 40 Достық үйінде жұмыс істейтін 174 жексенбілік мектепте мемлекеттік тілді тегін үйренуге жағдай жасалған, онда мемлекеттік тілді үйренумен қатар, қазақ мәдениеті мен әдет-ғұрпымен таныстыру іс-шаралары өткізіледі. Мигранттар мемлекеттік тілді әкімдіктер жанындағы «Тіл» оқу-әдістемелік орталықтарының базасында да үйрене алады. «Халықтың көші-қоны туралы» заңда көшіп келушілерге, қандастарға бейімдеу және интеграциялау орталықтарында ақылы бейімдеу және интеграциялық қызметтер алу құқығын беретін норма қарастырылған”.


Алдияр Айтпаев