МТРА жаңалықтары

Білім беру жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар қаралды

 

Үкіметте білім беру жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар қаралды. Оқу-ағарту министрлігі жекеменшік мектептерде оқитын халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға Жаппай оқыту қорынан көмек беруді ұсынды. Әңгіме мектеп формасы, тамақпен қамтамасыз ету және өзге де қолдау түрлері жайлы болып отыр. Премьер-Министр тың ұсынысты қолдады. Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар орталықтандырылған деңгейде балабақшаларға бірыңғай кезекті іске қосу мәселесін талқылады. Бұл бюджет қаражатын үнемдеуге және орындарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, екінші деңгейдегі банктер қосымшалары мен Egov арқылы кезекке тұру және тиісті жолдама алу қарастырылған. Жаңа тәсіл де Әлихан Смайыловтың көңілінен шықты. Сондай-ақ, Үкіметте ағылшын тілін оқытудың сапасын жақсарту, білім беру ұйымдарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету, тәрбиешілердің мәртебесін және жалақысын көтеру мәселелері қаралды.


Байболат Култанов