МТРА жаңалықтары

Балалар арасында облыстық ғылыми-техникалық форум өтті

 

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында облыстық ғылыми-техникалық форум өтті. Байқауда балалар өз туындыларын комиссия алдында қорғайды. Жалпы, бұл шараға 34 ұл-қыз қатысуда. Көбі ауданнан келген.

САЯН ЕРМЕК, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі
– Байқау негізі 8 номинациядан тұрады. Балалар өздеріне ұнаған номинация бойынша алдын ала экспонат дайындап, осында келіп қорғайды. Ең бастысы, олардың таза орындалуы, яғни модельдің түпнұсқасына жақын келуі керек. Жаңа бір ғылыми ашулар болса, сол экспонатқа енгізсе, сол модельдердің бағалары жоғары болып келеді.

Байқауға қатысушылардың жасы 11 мен 17 жас аралығын құрайды. Бүгінгі шараға Ильинка орта мектебінің 5-сынып оқушысы Жарас Амангелді де қатысуда. Ол қазылар алқасына John Deere тракторының шағын үлгісін ұсынды.

ЖАРАС АМАНГЕЛДІ, байқауға қатысушы, Есіл ауданы
– Бұл тракторды істеуге 1 жұмадай уақытым кетті. Оның моделі – 9Р 490. Осы трактор мені қатты қызықтырды үлкен болғандықтан. Бұған дейін мен ұшақ істедім, машина істеп әкелдім осында.

Жігітке жеті өнер де аз демекші, Нұрислам Сайлау ұшақ макетін жасаумен әуестенеді. Өзі Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылынан келген.
Осы сынды байқауға алғаш рет қатысып отыр.

НҰРИСЛАМ САЙЛАУ, байқауға қатысушы, Жамбыл ауданы,
–  Бұл – МЧС самолеті. Жүк тасиды, сондай-ақ, дәрі-дәрмектерді де тасиды. Бұған екі сағат уақытым кетті.

Облыстық кезеңнен өткен бала өз туындысын республикалық деңгейде қорғайды.


Гульден Симбаева