МТРА жаңалықтары

Облыстық онкологиялық орталық мамандармен толықты

 

Облыстық онкологиялық орталық биыл 4 маманмен толықты. Төртеуі де жастар. Келген кадрлар – онколог, анестезиолог, реаниматолог және химиотерапевт. Соңғы аталған бағытта Аида Уаисова жұмыс істейді.
Онкоорталыққа қызметке тұрғанына 2 ай болыпты.
Нәзікжанды Қарағанды медициналық университетін тәмамдаған.

АИНА УАИСОВА, облыстық көпбейінді ауруханасы онкология блогының химиотерапеві:
–  Дәрігер болуды бала кезімнен армандадым. Туған өңіріме келген себебім, бізде жас дәрігерге зор қолдау көрсетіледі. Мен облыстық әкімдік атынан 1,5 млн теңге сыйақы алдым. Дәл осындай қаражат облыстық көпбейінді аурухана тарапынан да берілді.

Сондай-ақ, баспананы жалдау құнын екі жақ теңдей бөліп төлейді.
Осындай қолдау шаралары өңірдің медицина саласына кадр тарту және олардың тұрақтап қалуына ықпал ету мақсатында жасалып отыр.
Дегенмен де, облыстық көпбейінді аурухананың онкология блогына
тағы да 5 маман қажет.

ЖӘДІГЕР ДҮЙСЕНОВ, облыстық көпбейінді ауруханасы онкология блогының жетекшісі:
– Ағымдағы жылдың басында барлығы 9 маман қажет болды. Төртеуі келді, енді бес кадр керек. Олар: онколог, хирург, эндоскопист және тағы бір химиотерапевт.

Облыстық көпбейінді аурухананың онкология блогының жетекшісі Жәдігер Дүйсеновтың айтуынша кадр тарту мақсатында медициналық жоғары оқу орындарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Онкологиялық орталықта қазіргі уақытта 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Соның 50-і – дәрігерлер.


Гульден Симбаева