МТРА жаңалықтары

25 жастағы есірткі жасырушы ұсталды

 

Петропавлда есірткі жасыруды кәсіп қылған 25 жастағы жігіт ұсталды.
Күдікті – аудан тұрғыны, қалада пәтер жалдап келген. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары оны тінту кезінде қара изолентамен оралған 15 бума кристалл тәріздес зат тапқан. Оған қоса 25 бума дүние тұрған жерінен табылған. Сараптама барысында оның “тұз” деген атаумен белгілі синтетикалық есірткі екені анықталды. Табылған заттың жалпы салмағы – 32,3 грамм, бұл аса ірі көлем болып саналады.
Аталған факті ҚР ҚК 297-ші бабының 3-ші бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталған жігітке қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.