МТРА жаңалықтары

Жалға берілетін тұрғын үйді сатып алудың жаңа шарттары ұсынылады

 

Қазақстанда жалға алған тұрғын үйді сатып алудың жаңа шарттары пайда болады. Бұл туралы LS агенттігі хабарлады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде
халықтың әлеуметтік осал топтары үшін “Қазақстандық тұрғын үй компаниясы” (ҚТК) іске асыратын жаңа тетік әзірленуде.
Сатып алу құқығымен жалға алуға кезекте тұрғандар үшін бастапқы жарнаның болмауы және жалдау ақысының 3,1% мөлшерлемесі сынды шарттар ұсынылғалы жатыр. Кезекте тұрғандарға 20 жасқа дейін сатып алу құқығымен жалдау қарастырылады, ай сайынғы төлем орта есеппен 70-80 мың теңгені құрамақ немесе қаржылық мүмкіндіктерге байланысты сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй ұсынылады. Орташа айлық төлем 10-15 мың теңгені құрайды. Егер кезекте тұрған адам өзінің төлем қабілеттілігін растай алмаса, онда оған қосалқы қарыз алушыларды тарту немесе кепілдік жарна енгізу құқығы беріледі.


Самал Жунусова