Спорт

«Qulager» хоккей клубы «Астана» құрамасымен кездесті

«Qulager» хоккей клубы өз айдынында елордалық «Астана» құрамасын қабылдады. Дода жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аясында өткізілді.

Төреші шайбаны тастаған бетте теріскейліктер бірден шабуылға көшті. Осы қарқынмен жерлестеріміз ойынның 4-ші минутында есеп ашты. Голдың авторы – Ерлан Ербатыров. Тағы 4 минуттан соң қарсылас команда есепті теңестірді. Қарсыластардың соңынан үлгеру қиын екен дейді “Qulager”-дің шабуылшысы Данила Букарь.

ДАНИЛА БУКАРЬ, «Qulager» ХК шабуылшысы:
–  Бір-бірімізге дес берер емеспіз. «Астана» құрамасы өте шапшаң екен. Оларға қарсы ойнау қиынға соғуда.

Бұл кездесуде жерлестеріміз ширақ көрінеді. Алғашқы кезең 2:1 есебімен аяқталды.

БЛИЦ,
– Кездесу жақсы өтіп жатыр. Құлагерліктер осы қарқыннан таймаса бүгін жеңіске жетеміз.
– Жергілікті команданың ойын өрнегі көңілден шығады.
Кездесуден ерекше әсер алдық. Жеңіске жетеміз деген үміттемін.

Екінші кезеңде де екі жақ бір-біріне дес берер емес. Есеп 2:1 күйінде ұзақ тұрды. Алайда, астаналықтар еселерін қайтарды. Ойынның ең қызығы осы жерде басталды.

Сайыс соңында теріскейлік команда астаналық құраманы 5:3 есебімен тізе бүктірді. Ертең сағат 14:00-де қос команда мұз айдынында қайта кездеспек.


Самал Жунусова