МТРА жаңалықтары

Колледж студенттеріне сайлау туралы түсіндірілді

Сайлау деген не? Оның қоғам мен мемлекет үшін пайдасы. Сайлауға кімдер қатыса алады? Балалар кітапханасына жиылған жастарға сайлау жайында осы және өзге де тақырыптар түсіндірілді, сұрақтарына жауап берілді.
ҰҰ академиясындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Қожахметов сайлау демократиялық тұрғыда маңызды дейді.

БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР ҰҰ академиясының ардагерлер кеңесінің төрағасы:
–  Демократиялық сайлау – бұл халықтың ерік-жігерінің негізгі түрі. Сайлау өткізудіге мақсат – халықты тыңдау, пікірі мен бұйымтайына құлақ түру. Азаматтар мүмкіндігінше саясатты тануы қажет. Үміткер өз бағдарламасын ұсынады. Сайлаушылар бұл олардың мүдделеріне қатысты ма, әл-ауқатына әсер ете ме, соны түсінуі керек.

Жиынға қатысып отырған жастар – гуманитарлық-техникалық колледжідің студенттері. Дені сайлауға қатысу құқығын келесі жылы ғана иеленеді, өйткені, жастары әлі 18-ге толған жоқ.
Снежана Гололобова жазда өткен референдумға қатысқан. Сайлауға қатысу тәртібін біледі. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде биыл да өз таңдауын жасамақшы.

СНЕЖАНА ГОЛОЛОБОВА, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті:
– Сайлауға қатысуды өзімнің азаматтық парызым деп білемін. Бұл маңызды науқаннан сырт қалғым келмейді. Өйткені, әркімнің дауысы маңызды. Нәтижесі біздің болашығымыздың жарқын болуына ықпал етеді.

Кітапханашылар қауымы қазіргі жастардың кейін белсінді әрі өз ойы мен пікірін ашық білдіре алатын азамат болып қалыптасуы үшін сайлаудың қажеттілігі мен маңыздылығын жиі түсіндіріп отыру қажет дейді.

ҚҰРАЛАЙ БАЗАРБЕКОВА, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы
– Жастар үшін өте маңызды. 01,51 Қазіргі жастар әр адамның дауысы маңызды екенін білу қажет. 18 жасқа толғаннан кейін ары қарай сайлауларға қатысып, дауыстарын беру керек. Қазақстан азаматтары болған соң, бір мемлекет болып оны көтеруіміз керек.

Жиын барысында жастардың сұрақтарына жауап берілді.


Самал Жунусова