МТРА жаңалықтары

Қаржылай қолдау көбіне сауда және жылжымайтын мүлік салаларына көрсетіледі

 

Елімізде мемлекеттік көмекті көбіне сауда және жылжымайтын мүлік салалары алатыны туралы ақпарат жарияланды LS агенттігінде. “Қарапайым заттар экономикасы” шеңберінде мемлекет кәсіпкерлер үшін кредиттерді субсидиялауға, сондай-ақ, қарыздарға кепілдік беруге ақша бөледі. Биыл 170,5 млрд теңге бағытталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 46%-ға көп. 1 қазанға 630 млрд теңге көлемінде кредиттік портфельге 12 мың жоба субсидияланды, 200 млрд теңгеден астам соманың 11,8 мың жобасына кепілдік берілді. Қаржылай қолдауға негізінен сауда жағы ие болған. Яғни, 44,6 млрд теңгеге – 4 мыңнан астам жоба. Одан кейінгі кезекте көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі, ауыл, орман және балық шаруашылығы тұр. Ал келесі жылы бизнес саласын қолдауға 172,5 млрд теңге бөлу көзделген.


Алтынай Казиканова